Astana half 2023 марафонына екі мың желаяқ қатысады
Елордада 21 мамыр күні Astana half 2023 жартылай марафоны өтеді. Желаяқтар 21,1 км және 5 км қашықтықты еңсеруі керек, деп хабарлады Elorda.info.
Жартылай марафонды Астана әкімдігінің қолдауымен Халықаралық Astana Marathon негізін қалаушылар ұйымдастырды.
Astana half 2023 жартылай марафоны – қыс мезгілінен кейін жаппай жүгіруде өзіңізді сынаудың алғашқы мүмкіндіктерінің бірі. Желаяқтарға 21,1 км және 5 км қашықтық ұсынылады. Бұл жаңадан бастаушылар үшін тамаша бастама, ал тәжірибелі спортшылар үшін – биыл 3 қыркүйекте өтетін Astana Marathon 2023-те 42,2 км марафондық жарысқа дайындық.
Бүгінгі таңда жартылай марафонға Ұлыбритания, АҚШ, Польша, Ресей, Украина және Қазақстанның 30-дан астам қаласынан 16 жастан 75 жасқа дейінгі екі мыңға жуық қатысушы тіркелген.
Жарысқа 18 жастан 21,1 км-ге және 16 жастан 5 км-ге дейін барлық ниет білдірушілер тіркеле алады. Іс-шараның желаяқтары мен қонақтары үшін елорданың кәсіби жаттықтырушылары ойын-сауық және жарыс алды қыздырыну бағдарламасын әзірлеп отыр. 21,1 км қашықтық бойынша изотоника, гельдер, су және жеміс ұсынылады.
Жартылай марафонға қатысу үшін тіркеуді іс-шараның ресми сайтында онлайн режимінде өткізуге болады немесе 20 мамыр күні кешкі сағат 18:00-ге дейін орын болған жағдайда жүгіруші пакетін беру орнында тіркелуге болады. Көрме EXPO халықаралық көрме орталығында өтеді.
Іс-шара күні бірқатар бағыт бойынша көшелер жабылады.
21,1 км қашықтыққа жүгіру келесі маршрут бойынша өтеді:
ЭКСПО аумағынан басталып, Мәңгілік ел даңғылы, 53/1 Түркістан көшесіне – Заводская-Заводская-Ұлы дала-Қабанбай батыр даңғылдарына бұрылу – бұдан әрі 29/1 – Ақмешіт көшесі – ЭКСПО қалашығының айналасында – Түркістан көшесі және EXPO аумағында мәре.
5 шақырымға:
ЭКСПО ХХО аумағынан басталады, Мәңгілік ел даңғылы, 53/1 Түркістан көшесіне – Заводская-Заводская-Ұлы дала-Қабанбай батыр даңғылдарына бұрылу, бұдан әрі 29/1 – Ақмешіт көшесі – ЭКСПО қалашығының айналасында – Түркістан көшесі және EXPO аумағында мәре.
Қатысушылар жарыс күні таңғы сағат 6-да EXPO қарсы тұрақ аумағында, старт – 7:00-де, аяқталуы – 10:00-де.