Қасым-Жомарт Тоқаев Сербияға ресми сапармен барды
фото: www.akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевты Белград әуежайында Сербия Президенті Александр Вучич қарсы алды. Бұл туралы Elordainfo.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Қазақстан Президентінің бортын Сербия аспанында осы елдің әскери әуе күштерінің ұшақтары алып жүрді.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді. Мемлекеттер басшылары екі елдің саяси, сауда-экономика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара ынтымақтастығының перспективаларын талқылайды.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты келісімдерге қол қойылмақ. Сонымен қатар Сербияның Премьер-министрі Милош Вучевичпен кездесу жоспарланған.
Ұқсас жаңалықтар
22 қазан, 2025
Астанаға Финляндия Президенті Александр Стубб ресми сапармен келеді
21 қазан, 2025
Қазақстан мен Әзербайжан президенттері Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барды
21 қазан, 2025
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентімен келіссөз жүргізді
16 қазан, 2025
Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді
