«Астана» футбол клубының бұрынғы футболшысы 2,5 жылға сотталды
4 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Фото: championat.com
«Астана» командасының бұрынғы футболшысы Рай Влут сотталды, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл туралы «Мутко против» telegram-арнасы жазды.
«Урал» футбол клубының голландиялық ойыншысы Рай Влут баланың өліміне алып келген жол апаты үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Нидерландының басылымы хабарлайды.
Влуттың қатысуымен жол көлік оқиғасы 2021 жылдың қарашасында тіркелді. Сол уақытта футболшы төрт жасар баланың өмірін жалмаған апатқа кінәлі болды, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Рай Влут 2022 жылғы маусымда елордалық «Астана» сапында өнер көрсетіп, 14 матчта бес гол соққан.
Ұқсас жаңалықтар