Асқар Нарқұлов Дүниежүзілік универсиаданың қола жүлдесін жеңіп алды
31 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиада ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына дзюдодан екінші қола жүлдені Асқар Нарқұлов салды Elorda.info.
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі мәлім етті.
Асқар дзюдо спорт түрінен 73 келі салмақта қола жүлде үшін белдесуде қырғыз елінің спортшысын ұтты.
Алғашқы белдесуде Қытай елінің дзюдошысынан басым түсіп, одан кейін Моңғолия мемлекетінің спортшысына есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде италиялық спортшыны ұтты.
Айта кетейік, медальдық есеп бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынында 2 күміс, 3 қола жүлде бар.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:01
Ризабек Айтмұхан әлем чемпионы атанды
7 қыркүйек, 2024
Жазғы Паралимпия ойындары-2024: тоғызыншы жарыс күнінің нәтижесі
6 қыркүйек, 2024
Ерлан Каналимов елордалықтарды ұлттық спортқа жанкүйер болуға шақырды
6 қыркүйек, 2024
Паралимпиада: Бүгін қазақстандықтар үш спорт түрінен сайысқа түседі