00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Алматыда тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты басталды

21 қыркүйек, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Алматыда тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты басталды
фото: Elordainfo

21-24 қыркүйек аралығында Алматы қаласында тұңғыш рет оқушылар (жасөспірімдер U-15, U-17 жас) арасында тоғызқұмалақтан Әлем чемпионаты басталды, деп хабарлады Elorda.info.

16 елден (Өзбекстан, Түркия, Румыния, Венгрия, Испания, Қырғызстан, Польша, Моңғолия, Ресей, Түркменстан, Латвия, Чехия және т.б.) қатысып жатқан спортшылар ойынды рапид және блиц бойынша өткізуде. Аталмыш халықаралық жарысты Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы Тоғызқұмалақ федерациясы ұйымдастыруда.

 

 

Чемпионатқа  ҚР Туризм және спорт вице-министрі Сәрсен Құранбек,  ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, Дүниежүзілік және Қазақстан Тоғызқұмалақ федерациясы президенті Әлихан Байменов, Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы - Хайрулин Ерден Рашитұлықатысып, жарыстың алғашқы жүрісін жасап, іс-шараны салтанатты түрде ашты. 

 

Тоғызқұмалақ - зияткерлік спорт түрі. ЮНЕСКО-ның 2020 жылғы шешімі бойынша тоғызқұмалақ адамзаттың мәдени мұрасы тізіміне енгізілді. Бұл дегеніміз – қазақ ұлтының атынан әлемдік мәдени мұраға қосылған ең үлкен үлестердің бірі. Ал, Алматыда басталған Әлем чемпионаты тоғызқұмалақтың аясын кеңейтіп, жастар арасында насихатын күшейтуге ықпал ететініне сенемін, - деп атап өтті Жиын барысында ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов.

 

Айта кететін жайт, биыл Тоғызқұмалақ күнінде (9 қыркүйек) Алматыдағы ҚР Тұңғыш Президенті саябағында 2028 мектеп оқушысы бір мезетте тоғызқұмалақ ойынын ойнап, Қазақстан рекордтар кітабына енген болатын. Бұл спорт түрі ел ішінде ілгерілеп қана қоймай, халықаралық деңгейге де шығып отыр.