«Ақымақтар ғана сенеді»: Қуат Хамитов қазақ футболын тағы да сынға алды

Фото: Esquire.kz
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов қазақ футболын дамытуға ешкім де көмектесе алмайтынын мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Ол қазақ футболын ешбір жаттықтырушы дамыта алмайтынын жеткізді.
«Қазақ футболына тіпті Жозе Моуриньо да көмектесе алмайды. Бұл спорттың болашағы бар дегенге тек ақымақтар ғана сенеді», - деп жазған спортшы Instagram-дағы «kzsports» парақшасында.
Оқи отырыңыз: Қуат Хамитов қазақ футболын жезөкшеге теңеді
Хамитов отандық футболды бұған дейін де талай сынаған. Оның пікірінше, футболды қаржыландыруды тоқтатып, қаржыны балалар спортына беру керек.
Еске салсақ, бұған дейін Қуат Хамитов інісін әскерге жібергенін жазған болатынбыз.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 15:59
Теннисші Жібек Құламбаева алғаш рет WTA деңгейдегі турнирде топ жарды

Бүгін, 15:23
«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

Бүгін, 13:51
Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ спорт нысаны ашылды

Бүгін, 11:13
«Көз тиді ме?»: Темірлан Анарбеков жағын сындырып алды