Данияны жеңген қазақстандық футболшылар сыйақы алады
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
Қазақстандық футболшылар Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуінде Данияны жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады. Бұл туралы құраманың бас бапкері Магомед Адиев мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info Хабар24.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, қазақстандық футболшылар үшін жанкүйерлері мен халықаралық сарапшылардың берген бағасы маңызды.
Қаржылай сыйақыға келетін болсақ, бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Алайда футболшылар үшін бұл жеңістің өзі – қандай да бір ақшадан қымбат. Себебі біздің команда үшін алдымен халықаралық сарапшылардың, әсіресе жанкүйерлеріміздің қолдауы мен берген бағасы маңызды, – деді футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді