Қазақстандық төрт боксшы The Ring рейтингіне енді
1 сәуір, 2023
Елорда ақпарат
The Ring журналы барлық дивизиондағы үздік боксшылар рейтингін жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Орта салмақ тізімінде Қазақстанның үш боксшысы бар.
WBA Super чемпионы Геннадий Головкин бірінші орында. WBO титулының иегері Жәнібек Әлімханұлы үшінші сатыда. ТОП-10 тізімді Мейірім Нұрсұлтанов түйіндеп тұр.
Екінші орта салмақ рейтингіне Али Ахмедов енді. Ол оныншы орында. Бұл салмақта бірінші орында абсолют әлем чемпионы Сауль Альварес тұр.
Pound-for-pound рейтингінде украиналық Александр Усик (IBF, WBA, WBO, The Ring чемпионы) көш бастап тұр.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады