00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елордада кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында қысқы триатлон өтеді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елордада кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында қысқы триатлон өтеді

Астанада алдағы жексенбі, 26 ақпан күні қысқы триатлоннан жарыс өтеді. Оған кәсіпқойлар мен әуесқойлар қатысады, деп хабарлады Elorda.info.

Қатысушылар мынадай қашықтықтарда жарысады:

- 2,5 км жүгіру;

- 3 км велосипед кезеңі;

- шаңғы кезеңі 2,5 км.

Жарысқа қатысуға мынадай жас топтарындағы қашықтықты еңсере алатын кез келген ниет білдіруші (ерлер мен әйелдер) шақырылады: 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас, 60 жас және одан жоғары.

Әрбір қатысушыда жарамды велосипед, басына киетін қорғаныс бас киімі және шаңғымен сырғанау жиынтығы болуы керек.

Старттық пакеттерді беру Қабанбай батыр даңғылы, 41а мекенжайы бойынша 24 ақпан күні сағат 14:00-18:00-ге дейін және 25 ақпан күні сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін өтеді.

Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжат болуы қажет.

Жарысты аяқтаған әрбір қатысушыға медаль табысталады. Әр жас тобындағы триатлон жеңімпаздары бүкіл қашықтықты еңсеруге жұмсаған ең аз уақыт бойынша анықталады. Олар бағалы сыйлықтармен марапатталады.