00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстанда алғаш рет дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстанда алғаш рет дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді

Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) әлемдік Grand Slam жарысын Қазақстанда өткізу туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойды, деп хабарлады Elorda.info федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысы аясында Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының ресми кездесуі өтті.

Кездесуге Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер пен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты. Екіжақты келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam турнирін 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды.

Жарыс Астана және Алматы қалаларында Qazaqstan barysy Grand Slam атауымен өткізіледі. Сондай-ақ жарыс аяқталғаннан кейін жыл сайын тұрақты түрде халықаралық оқу-жаттығу лагері ұйымдастырылады.