Қазақстандық парадзюдошылар әлемдік Гран-приде үш медальға ие болды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Португалияда өткен әлемдік Гран-приде қазақстандық парадзюдошылар 2 алтын және 1 қола медальді жеңіп алды, деп хабарлады Elorda.info.
Токио – 2020 Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Ануар Сариев (J2) 60 кг салмақта финалдық белдесуде грузиялық балуанды жеңіп, алтын медальға ие болды.
Екінші алтынды (J2) 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Олжас Оразалыұлы әкелді. Ол финалдық белдесуде қарсыласы әйгілі француздық палуан Петит Натханды иппонға түсіріп, таза жеңіске жетті.
Ал (J2) +90 келі салмақта өнер көрсеткен Ерлан Конкиев қола жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетсек, парадзюдодан әлемдік Гран-при Алмада (Португалия) қаласында өтті. Жарысқа 22 мемлекеттен 91 спортшы қатысты.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 09:36
Семсерлесу: Қазақстанның ерлер құрамасы қола медаль жеңіп алды
Бүгін, 08:51
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда екі алтын жеңіп алды
24 қараша, 2024
Жеңіске бірге жүгір: Елордада 100-ге жуық отбасы жүгірісте жүлдеге таласты
24 қараша, 2024
Теннисші Жібек Құламбаева Португалиядағы турнирде жеңіске жетті