00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Америкалық файтер Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Америкалық файтер Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды

Шавкат Рахмоновтың қарсыласы Джефф Нил жарақат алғандықтан, 14 қаңтарға жоспарланған жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін. Бұл хабардан кейін америкалық файтер отандасымызды жекпе-жекке шақырды, деп хабарлады Elorda.info

Stan.kz жазғандай, Шавкат Рахмоновтың келесі кездесуі Лас-Вегастағы UFC Fight Night 217 турниріне жоспарланған. Қазір Рахмоновқа қарсылас іздеу жұмыстары жүріп отыр. 

Джефф Нилдің жарақат алғаны белгілі болған соң америкалық Шавкатпен жұдырықтасуға әзір екенін мәлімдеді. 

Нил шығып қалды. Бұған дейін қысқа хабарландыру негізінде төбелесуіміз керек еді. Сенімен ешкім жұдырықтасқысы келмейді. Мұны 180 фунт салмақ дәрежесінде жүзеге асырайық, сол жерде кездесейік, – деп жазды Брайан Барберна. 

Ал Шавкат Рахмонов «мұны жанкүйерлер үшін жасауға болатынын» айтты. 

Барберна UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 3 желтоқсанда өткізген. Алайда екінші раундта қылғындыру әдісімен жеңіліп қалды.