Месси үздік ойыншы атағын сегізінші рет жеңіп алды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси әлем чемпионаттарының матчында «Үздік ойыншы» атағын сегізінші рет жеңіп алып, рекорд орнатты, деп хабарлады Elorda.info.
ҚазАқпарат-тың жазуынша, Месси 1/8 финалда Аустралиямен өткен бәсекеде шебер өнер көрсетіп, «Үздік ойыншы» атанған.
Ол бұл кездесуде мергендік танытып, есеп ашты. Бұған дейін Месси әлем чемпионаттарында жеті мәрте «Үздік ойыншы» атағына қол жеткізген еді.
Осылайша, Месси сегізінші рет үздік атанып отыр. Бұған дейін ешкім MVP мүсінін сегіз мәрте алған емес.
Биылғы біріншілікте аргентиналық шабуылшы үш гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Ширек финалда Аргентина Нидерланд құрамасымен ойнайды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді