00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі алтыншы жекпе-жегін өткізеді

Қарашаның 19-ынан 20-сына қараған түні қазақтсандық Жалғас Жұмағұловтың (14-7) UFC-дегі алтыншы жекпе-жегі өтеді, деп хабарлады Elorda.info Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 215 турнирінде өнер көрсетеді. Онда Жұмағұлов америкалық файтер Чарльз Джонсонмен (11-3) жұдырықтасады. Айқасты UFC-дің ресми сайтынан көруге болады. Жекпе-жек Астана уақыты бойынша шамамен 02:00-де басталады.

Қазіргі уақытта Жалғас Жұмағұлов UFC-де бес жекпе-жек өткізді. Олардың біреуінде жеңіске жетсе, қалған төртеуінде жеңіліп қалды. 34 жастағы қазақстандық спортшы бұған дейін рингке маусым айында шықты, төрешілердің шешімімен ол америкалық Джефф Молинадан жеңілді.