Азия чемпионаты: Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны ұтты
31 наурыз, 2023
Айман Нығмет
Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай өзбекстандық боксшыны ұтты, деп хабарлады Elorda.info.
Санжар 48 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Джалиловпен қолғап түйістірді. Жекпе-жек қазақстандық боксшының айқын басымдылығымен өтіп, төрешілер бір ауыздан жеңісті 19 жастағы Санжар Тәшкенбайға берді.
С.Тәшкенбай жастар арасында әлем және Азия чемпионы болса, қарсыласы да осал емес. Ол биыл 22 жасқа дейінгілер арасында Азия біріншілігінде топ жарған.
Ұқсас жаңалықтар
14 қараша, 2024
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы жарыста күміс медаль жеңіп алды
14 қараша, 2024
АҚШ ашық чемпионатында жүлделі орын алған паражүзушілеріміз елордаға оралды
14 қараша, 2024
Министр әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен боксшыларды марапаттады
13 қараша, 2024
Қажымұқан жолы: Астананың студенттері күш сынасты