Дамир Исмағұлов UFC рейтингінде МакГрегордан асып түсті
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
Қазақ файтері Дамир Исмағұлов UFC рейтингінде бір саты жоғары көтерілді, деп хабарлады Elorda.info.
Vesti.kz сайты жазғандай, ол жаңартылған рейтингте 11-орынға жайғасқан. Осылайша, Исмағұлов Конор МакГрегордың алдына жайғасты. Ирландиялық тізімде 12-орында тұр.
Жеңіл салмақ рейтингтің көшін Чарльз Оливейра бастап тұр. Үздік үштіктің қатарында Дастин Порье мен Джастин Гэджи бар.
Айта кетейік, Исмағұлов өзінің келесі кездесуін ресейлік Арман Царукянға қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек 17 желтоқсан күні Лас-Вегаста UFC Vegas 66 турнирінде өтеді.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:45
Астанада үстел теннисінен алғаш рет Азия чемпионаты өтеді
Бүгін, 13:51
Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар анықталды
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды