Елордалық пара бишілер әлем кубогында топ жарды
31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат
10-12 қыркүйек аралығында Словакия елінің Кошице қаласында арбамен билеуден әлем кубогы өтті. Аталмыш сайысқа әлемнің 15 елінен келген 100-ге жуық параспортшы қатысты, деп хабарлады Elorda.info.
Барлығы жоғары деңгейде өтті. Ұйымдастыру жағы керемет болды. Өткен жері де әдемі. Басқа елге деген құрмет-қошеметтері ерекше,- дейді жеңімпаздардың бірі Севда Алиева.
Әлемдік сахна төріне үздік спортшылармен шыққан жерлестеріміз рекордтық жүлделер мен әлем кубогын жеңіп алды. Олар жарыс барысында классикалық, еуропалық және латынамерикалық би түрлерінен, сондай-ақ, «фристайл» мен «single» дисциплинасында жарысқа түсті.
Әлемдік жарыста өз өнерлерін көрсеткен Қазақстан құрамасының жеңіс қоржыны екі алтынмен, сегіз күміспен және бес қоламен толықты.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:45
Астанада үстел теннисінен алғаш рет Азия чемпионаты өтеді
Бүгін, 13:51
Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар анықталды
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды