00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық пара таеквондошылар Парижда үш жүлде еншіледі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық пара таеквондошылар Парижда үш жүлде еншіледі

Парижда пара таеквондодан әлемдік Гран-При серия жарыстары өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Париж-2024 – Паралимпиада ойындарының алдындағы ірі рейтингтік жарыстың бірі. Байрақты бәсекеде Қазақстан тарапынан 4 спортшы бақ сынап, 3 жүлдеге қол жеткізді.

Еліміздің спортшылары Нұрлан Домбаев 80 кг салмақта К-44 дәрежесінде күміс жүлде, ал Өмірәлі Нышан (80 кг, К-44) және Кәмила Досмалова (-57 кг, К-44) қола жүлдеге ие болды.

Францияның төрінде Гран-При серияларының екінші жарысы өтті. Алғашқы жарыс Болгарияда өтсе, үшінші жарыс қазан айында Манчестер қаласында өтпек. Айта кетсек, бұл G6-рейтингтік жарыс болып табылады, оған тек әлемнің үздік спортшылары қатысады. Осындай дәрежедегі жарыста орын алу үлкен жетістік, - деді Дене мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының команда басшысы Мерей Биғарин.