00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Спорт түрлерінен үздік мемлекеттік органдар анықталды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Спорт түрлерінен үздік мемлекеттік органдар анықталды

Іс-шара Мәдениет және спорт министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ұйымдастырумен өткізілді.

Бәсекеге қатысушылар спорттың алты түрінен сынға түсті. Бұл – футзал, волейбол, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, үстел теннисі және бильярд. Спорт жарысында 23 мемлекеттік органның қызметкерлері бақ сынады.

Үш күнге созылған жарыстың қорытындысы бойынша спартакиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды:

- футзал бойынша бас жүлдені Ұлттық экономика министрлігі иеленсе, екінші орын Премьер-министрі кеңсесіне, үшінші орын ҚР Президентінің іс басқармасына тиесілі болды.

- волейбол бойынша бірінші орынды Қаржы министрлігі, екінші орынды Жоғарғы сот, үшінші орынды ҚР Парламенті иеленді.

- қазақ күресі бойынша командалық есепте жеңімпаздар қатарында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Қаржы министрлігі, Энергетика министрлігі болды.

- тоғызқұмалақ бойынша командалық есепте бірінші орынды Қаржы министрлігі, екінші орынды ҚР Парламенті, үшінші орынды Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті иеленді.

- үстел теннисі бойынша командалық есепте бірінші орынды Қаржы министрлігі, екінші орынды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, үшінші орынды Сауда және интеграция министрлігі иеленді.

- бильярд ойыны бойынша командалық есепте үздік болып Премьер-министрі кеңсесі танылса, екінші орынға Сыртқы істер министрлігі және үшінші орынға ҚР Парламенті ие болды.

Жалпы командалық есепте мемлекеттік органдар арасында спартакиада көшбасшылары болып Қаржы министрлігі (1-орын), ҚР Парламенті (2-орын), Энергетика министрлігі (3-орын) атанды.