Елордада мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында қол күрестен жарыс өтеді
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Жарыста әйелдер және ерлер 6 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады. Әйелдер -60 кг, 70 кг, +75 кг. Ерлер -60 кг, 75 кг, +75 кг.
Чемпионат есту және тірек-қимыл аппараты зақымданған жандар арасында 2 санат бойынша өтеді. Жас ерекшелігіне байланысты шектеу жоқ. Бұл жарыста әр адам өз бағын сынай алады. Мақсат – мүмкіндігі шектеулі жандарды спортқа тарту, - дейді Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мәдина Айтқалиева.
Айта кетейік, қала чемпионатының жеңімпаздары 5-10 қыркүйек аралығында Шымкент қаласында өтетін республикалық спартакиадаға жолдама алады.
Спартакиада есту қабілеті төмен спортшылар арасында өтпек.
Сонымен қатар алдағы уақытта түрлі республикалық, әлемдік турнирлерде ел намысын қорғайтын болады.
Ұқсас жаңалықтар
14 қараша, 2024
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Эстониядағы жарыста күміс медаль жеңіп алды
14 қараша, 2024
АҚШ ашық чемпионатында жүлделі орын алған паражүзушілеріміз елордаға оралды
14 қараша, 2024
Министр әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен боксшыларды марапаттады
13 қараша, 2024
Қажымұқан жолы: Астананың студенттері күш сынасты