Азия чемпионатындағы алғашқы алтын: қазақстандық зілтемірші жаңа рекорд орнатты
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында құрама қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.
Емберді Едіге 73 келі салмақта алтыннан алқа тақты. Ол қоссайыс қорытындысы (136+173) бойынша 309 келіні бағындырды, жұлқа мен серпеде күміс пен алтын жүлдені қоса алды.
Сондай-ақ Едіге «серпе» көтеру мен қоссайыс нәтижесі бойынша Азияның жаңа рекордын орнатты.
Осыған дейін Қазақстан құрамасының сапынан 61 келіде Азамат Төлеген мен 55 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Омаров қола жүлдегер атанды.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді