Головкиннің Альварестен кейінгі қарсыласы кім екені белгілі болды
Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBA) Геннадий Головкинді WBA белбеуінің иегері Эрисланди Ларамен кездесуге міндеттеді.
Головкин Альвареске қарсы үшінші жекпе-жектен кейін 120 күн ішінде Эрисланди Ларамен жұдырықтасуы керек.
Егер GGG орта салмақта қалуды шешсе немесе Канелодан ұтылса, ол мексикалықпен өтетін жекпе-жектен кейін 120 күн ішінде орта салмақтағы «суперчемпион» атағын Эрисланди Ларамен кездесуде қорғауға мәжбүр болады, - деп жазды ESPN инсайдері Коппинджер.
Айта кетейік, Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі суперорта дивизионда өтеді. Бұл кездесуде мексикалықтың барлық белбеуі сарапқа салынады.
Головкин мен Альварес арасындағы трилогия бұл жолы да T-Mobile Arena кешенінде өтеді. Бұл аренада олардың алдыңғы екі жекпе-жегі өткен болатын: алғашқысы (2017 жылы) даулы түрде тең нәтижемен аяқталған, ал екінші (2018 жылы) кездесуде жеңіс мексикалықтың еншісінде кетті.