00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші төртінші айналымда әлемнің 51-ракеткасы, швейцариялық Виктория Голубичпен кездесті. Жүлде қоры 8,4 млн АҚШ долларына бағаланған осы жарыстың екінші айналымында швейцариялық спортшы тағы бір қазақстандық Юлия Путинцеваны тартысты ойында жеңіп кеткен болатын. Ю.Путинцеваның кеткен есесін Е.Рыбакина қайтарды. 

Ол сағат жарымдай уақытқа созылған матчта қарсыласын 7:6 (7:5), 6:3 есебімен қапы қалдырды. Елена 5 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгелдей пайдаланды. Голубич 2 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жаза алды.

Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 6-ракеткасы, грекиялық Мария Саккаримен таласады.