00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстан футбол федерациясының президенті сайланды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстан футбол федерациясының президенті сайланды

Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына бес үміткер таласты. Дауыс беру қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған Әділет Бәрменқұлов Қазақстан футбол федерациясының президенті лауазымына сайланды.

Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі, Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитет мүшесі және «Шахтер» футбол клубының директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқаратын Әділет Бәрменқұловқа дауыс бергендердің саны – 14. Ал жалпы дауыс берушілердің саны – 26.

Дауыс беру қорытындысы:

Әділет Бәрменқұлов – 14 дауыс

Берік Қаниев – 11 дауыс

Давид Лория – 1 дауыс

Қайрат Оразбеков – 0 дауыс

Ерлан Жарылқасынов – 0 дауыс