00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Forbes журналы Қазақстанның олимпиадалық формасын үздіктер қатарына қосты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Forbes журналы Қазақстанның олимпиадалық формасын үздіктер қатарына қосты

Журналдың шолушысы Стефан Рабимов қысқы Олимпиадаға арналған киім үлгілерінен санаулы ғана мемлекетті ерекше атап өткен. Олардың арасында Қазақстан да бар. Сондай-ақ АҚШ, Ресей, Германия, Канада, Қытай және Швецияның формасы да үздік шыққан.

Бар назарымыз Team Qazaqstan-ға ауады. Біріншіден, Алматы 2022 жылғы Олимпиада ойындарын өткізу үшін Бейжіңмен таласып, бар болғаны төрт дауыс айырмашылығымен ұтылды. Екіншіден, Халықаралық олимпиадалық комитет аталған ел кириллицадан латын тіліне өткесін, мемлекет атауының жазылуын бірден өзгертуін де мақұлдады. Үшіншіден, Қазақстанның жарқын формасы жазғы ойындардың ашылу салтанатында да ерекше көзге түсті. Бұл жолы қазақстандық спорттық киім өндіруші ZIBROO ресейлік Дмитрий Шишкинмен бірлесіп дайындады. Оның атльесі мұндай масштабтағы тапсырмаларды жақсы түсінеді. Бұл өте стильді презентация. Ақ және көк түстер қар мен мұзды көрсетеді, ал қара түс - сәттіліктің белгісі. Аймақтағы геосаяси жағдайды ескерсек, бұл сән тұрғысындағы дипломатия саналады. Олимпиадалық рухты дұрыс тәрбиелейтін болса, бәрі де жеңеді, - деп жазды мақала авторы.

Бейжің Олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі бүгін өтеді