Биологтар танымал спорт киімінен улы химикат қалдықтарын тапты
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Ғалымдар танымал спорт киімінен PFAS атауымен белгілі (өте ұзақ сақталатын химиялық заттар) полифторалкильді заттардың қалдықтарын тапты. Мысалы, зерттелген киімнің 25%-ында органикалық фтордың едәуір мөлшері анықталған.
Биологтардың айтуынша, мұндай улы заттарды мобильді телефондардың экранынан, гитараның ішегінен, күйіктен қорғайтын қабаты бар табалардан, пергамент қағазынан және тіпті тағам қораптарынан табуға болады. АҚШ-тың қоршаған ортаны қорғау агенттігінің мәліметінше, белгілі бір элементтердің әсері денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін.
Ал Toxic-Free Future ұйымы жүргізген зерттеу барысында олар тестіленген заттардың 72%-ында осы улы заттар табылған, олардың ішінде матрасқап, көрпе, сулық және киім-кешек түрлері болған.
Ұқсас жаңалықтар