00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Әлемдік рейтингте Головкиннің орнын Әлімханұлы басты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Әлемдік рейтингте Головкиннің орнын Әлімханұлы басты

Головкин 2020 жылдың 18 желтоқсанынан бері рингке шықпаған. Қазақстандық боксшы соңғы кездесуінде Камиль Шереметаны (21-2, 5 КО) жеңген болатын. 

BoxRec.com басылымы бір жыл кездесу өткізбеген боксшыларды рейтингтен алып тастайды. Бұл Жәнібек Әлімханұлына (11-0, 7 КО) қазақстандық Р4Р-боксшылар арасында көш басына шығуға мүмкіндік берді. 

Еске салайық, Әлімханұлы 21 қарашада Лас-Вегаста өткізген жекпе-жегінде бұрынғы чемпион Хассан Н’Дам Н’Жикамды жеңген еді. Кездесу 8-раундта аяқталған.