Мәнерлеп сырғанаудан елорданың ашық чемпионаты өтеді
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
"Алау" мұз сарайында өтетін жарыстарға балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ спорт шебері мен спорт шеберіне үміткерлер қатысады деп күтілуде. Жеке разрядтағы жарыстар Халықаралық конькишілер одағының талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.
Жарысқа елордалық мәнерлеп сырғанаушылар да, еліміздің басқа өңірлерінен келген жас спортшылар да қатысады. Бүгінде қаланың ашық чемпионатына қатысуға 300-ге жуық өтінім қабылданды.
Турнирдің ерекшелігі – жас конькимен жүгірушілердің өнерін алғаш рет жарысқа арнайы шақырылған халықаралық төрешілер бағалайды.
Көрермендер мен жанкүйерлер Ashyq жүйесі арқылы кіреді. Сондай-ақ, чемпионат YouTube арқылы тікелей эфирде көрсетіледі.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады