00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордтық көрсеткішке қол жеткізді

Қазақстан теннис федерациясының хабарлауынша, әйелдер арасындағы еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте 16-дан 14-орынға көтерілді. Бұл оның спорттық жолындағы рекордтық көрсеткіші болып табылады.

Жаңартылған рейтингте Юлия Путинцева 44-тен 42-сатыға жоғарыласа, Зарина Дияс үздік жүздікке қайта оралды. Қазір Зарина 98-орында келеді. Гөзал Айнитдинова 481-інші, Жібек Құламбаева 515-орында. Жұптық сында Елена Рыбакина 49-орында қалса, Анна Данилина 79-сатыға көтерілді. Жібек Құламбаева (395) мен 16 жастағы Дана Байдәулет (963) өз көрсеткіштерін жақсартып келеді.

Ерлер арасында «АТР» рейтингісінде Александр Бублик 36-орнында қалса, Дмитрий Попко 170-сатыда келеді. Михаил Кукушкин 177-ден 187-ге сырғыды. Тимофей Скатов 264-тен 262-ге жоғарылады. Денис Евсеев 393-орында. Бейбіт Жукаев бірден 25 саты көтеріліп, 724-орынға жайғасты. Ал жұптық сында Андрей Голубев 25-інші, Александр Недовесов 75-тен 72-сатыға шықты.