Рахат Бекболат ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Рахат Бекболат әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 155, серпе көтеуде 200 келіні бағындырды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 355 келіні еңсерді.
Күміс медальді түркиялық Танер Чаглар (337 келі), қоланы Ирак өкілі Али Аммар Рубаяши (334 келі) иеленген.
Бұл Рахат Бекболаттың жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында иеленген екінші алтыны.
Бұған дейін ол Ташкентте өткен әлемдік додада 377 келіні бағындырып, жеңімпаз атанған болатын.
Ұқсас жаңалықтар