Қазақстандық теннисші Лиссабон турнирінің чемпионы атанды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Дүниежүзілік рейтингте 187-орында тұрған қазақстандық спортшы финалда италиялық Андреа Пеллегриноны 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Екі сағатқа жуық созылған матч барысында Попко 1 эйс жасап, 5 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 1 брейктен аса алмады. Бұл олардың өзара алғашқы кездесуі еді. Бұған дейін Д.Попко екі мәрте осындай доданың финалында өнер көрсетіп, жеңіліп қалған еді. Сөйтіп өз спорттық жолында челлендж турнирлеріндегі бірінші табысына қол жеткізіп отыр. Португалиядағы жарыстың қорытындысына сәйкес Д.Попко ATP рейтингісінде 164-орынға көтеріледі. Бұл оның үздік көрсеткіші болмақ.
Ұқсас жаңалықтар