00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Astana Open: Юлия Путинцева жартылай финалға шықты

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Astana Open: Юлия Путинцева жартылай финалға шықты

Осы доданың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда дүниежүзілік рейтингте 160-орында тұрған ресейлік Анастасия Гасановамен кездесті.

Бірінші сетте Путинцева 6:3 есебімен басымдық көрсетті. Екіншісінде қарсыласы есе қайырды - 6:4. Үшінші, шешуші партияда Юлия Путинцева Гасанованы тас-талқан етті - 6:0.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған матчта Путинцева 2 эйс жасап, 18 брейк-пойнттың сегізін пайдалана білді. Қарсыласы 1 эйс, 4 брейктен аса алмады.

Ю.Путинцева финалға шығу үшін әлемнің 80-ракеткасы, тағы бір ресейлік Анастасия Потапова немесе одан алты сатыға төмен тұрған швециялық Ребекка Петерсонның біреуімен таласады.