00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Әрбір қатысушы – жеңімпаз»: елорда әкімі бүгінгі марафонға қатысты пікір білдірді

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Әрбір қатысушы – жеңімпаз»: елорда әкімі бүгінгі марафонға қатысты пікір білдірді

«Astana Marathon – әуесқой желаяқтар мен спортпен шұғылданатындар арасында танымал шара. Қала тұрғындарына арнап спорттық іс-шараны ұйымдастырып жатқанымызға қуанамыз. Себебі екпе алған тұрғындардың саны артып, қала қалыпты өмір ырғағына оралып жатыр. Жарысқа вакцина алған тұрғындар қатысты. Жүгіру аумағына Ashyq жобасы енгізілді. Марафонға жастардың да, ересек тұрғындардың да қатысқаны қуантады. Қатысушылар арасында рухы мықты жандар – ерекше қажеттілігі бар тұрғындарымыз, шетелден келген қонақтар және алғаш рет қатысқандар», - деп атап өтті елорда әкімі.

Оның айтуынша, сайыста ең басты ұстаным – мәреге бірінші болып келу емес, іс-шараның өзінен ләззат алу. Өйткені жүгіру және үнемі спортпен шұғылдану денсаулыққа оң әсер етіп, иммундық жүйені нығайтады.

«Әрбір қатысушы – жеңімпаз. Өйткені олар табандылық пен жаттығудың арқасында кедергілерді еңсере алды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұқаралық спортқа ерекше көңіл бөлеміз. Қала тұрғындарының түрлі спортпен шұғылдануы үшін тиісті спорттық инфрақұрылымдар ашып, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне қолдау көрсетіп жатырмыз. Елорданы спорттық кластері жақсы дамыған қала деп атауға болады», - дейді Алтай Көлгінов.

Сондай-ақ ол бұл марафон қайырымдылық шара болғандықтан, биыл жиналған қаражаттың ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жабдықтар сатып алуға жұмсалғанын жеткізді.