00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Шетелге алғаш шығуым»: Қарақат Әбілдина 27 жыл бұрынғы естелікті бөлісті

26 қыркүйек, 2024
Олжас Сүлейменов Олжас Сүлейменов
«Шетелге алғаш шығуым»: Қарақат Әбілдина 27 жыл бұрынғы естелікті бөлісті
Фото: instagram.com/karakat_a

Танымал әнші Қарақат Әбілдина алғаш рет шетелге шыққан сәтінен видео жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Әншінің сөзінше, алғаш рет Бельгияның Брюссель қаласына барған. 

«Архивті ақтарып отырып, 1997 жылы ең алғаш шетелге гастрольдік сапармен шыққан кездегі видеоны тауып алдым. Консерваторияның екінші курс студентімін. Жасым 19-да. Бельгияның Брюссель қаласында халықаралық жәрмеңке өтетін болды. Қазақстаннан баратын делегация қатарына мәдениет өкілі, өнер көрсететін әнші керек болып, кастинг таңдауынан өтіп, маған бару бұйырды. Алғаш шет елге шығуым. Елшілікте менімен кездесу ұйымдастырып, түркі әлемінің ұлы тұлғасы Шыңғыс Айтматовтың алдында бір жарым сағат ән шырқап, батасын алу бақытына ие болдым», – деп жазды әнші. 

Сонымен қатар жары Қыдырәлі Болмановпен де қалай танысқанын айтып берді. 

«Жастық-ай шіркін деп, жүрегім лүпілдеп, толқиды әлі?! Ееее…. біздің уақытта қазіргідей техника дамып, әлеуметтік желі болғанда ғой дейсің, талай дүниелер түсірілмей қалды ғой шіркін?! Сапасы болмаса да, әдемі естелікпен бөлісіп отырмын, жақсы адамдарым!
Айтқандай, «Сары бидаймен» кезінде Қыдекеңнің жүрегін дір еткізген екенмін. Оны кейін білдім ғой. Айта берсе қызық көп», – деді өнер иесі.