«Менің деңгейім емес»: блогер Ерболат Жанабылов пен Дархан Жолшыбековтің арасында кикілжің туды

1 сәуір, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
«Менің деңгейім емес»: блогер Ерболат Жанабылов пен Дархан Жолшыбековтің арасында кикілжің туды
Фото: Дархан Жолшыбеков, Ерболат Жанабылов/Instagram

Желіде миллионер-блогерлердің ұрысы таралды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Әуелі Ерболат Жанабылов оқырмандарына өзін Дархан Жолшыбековпен салыстырудың қажеті жоқ екенін, екеуі бір-бірімен мүлдем салыстыруға келмейтінін айтты.

«Дарханмен салыстырмаңдар, ол менің деңгейім емес. Әйтпесе мені жерге апарып тастадыңдар ғой», - дед Е.Жанабылов.

Бұған шамданған Дархан Жолшыбеков желіде жауап жолдады.

«Ереке екі жыл жоқ болып кетіп, «внимание» алып, көтере алмай қалған екенсің. Мен Instagram-да ұрсыса алмаймын. Ойын көтере алмаймын. Ойнап айтсаң да, олай айтпа», - деді Д. Жолшыбеков.

Ал оның бұл жауабын көрген Ерболат «Ойнап айттым, телефон нөмірім бар, «сториске» салудың қажеті жоқ еді ғой» деп жауап қатты.  
Дархан болса, оған телефон шалып, тіпті Астанаға кездесуге келді. Блогерлердің арасындағы ұрыстың аяғы немен тынары белгісіз.
Ал желі қолданушылары «Бұл жай ғана хайп» деп топшылауда.

«Instagram арқылы ұрсысатын болған ба?», «Бүгінгі заманның батырлары», «Осы екі сайқымазақ кімге керек? Бір елге қызметі сіңген адамдар болса екен. Сауатсыз екеуі. Ішіп-жегендеріне мәз», «Екеуі де бір-біріне сай. Сендерден гөрі қыздар мәселелерін дұрыс шешетін болар. Желіде отырып бір-біріңді өсектеп не болды, еркекше шешпейсіңдер ме? Шалбар киіп жүрсіңдер ғой», «Өтірік ойласып алған ұрыстарына сеніп отырсыңдар ма?», «Оқырман жинау немесе артынан бірдеңе сатудың жолы, ендігі Instagram-ның сценарийін білеміз ғой» деп жазды оқырмандар.