Лондонда Лара Фабианмен дуэт айтқан Димаш Құдайберген жанкүйерлерін қуантты

5 маусым, 2025
Жібек Наурыз Жібек Наурыз
Лондонда Лара Фабианмен дуэт айтқан Димаш Құдайберген жанкүйерлерін қуантты
Фото: instagram.com/kanat_sveta_aitbayevtar/

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Лондондағы концертінен кейін ұлдарымен және Лара Фабианмен суретке түсіп, желі қолданушыларының жылы лебізін естіді, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Фотодан Қанат Айтбаевты, Димашты, інісі Мансұрды және әлемге әйгілі әнші Лара Фабианды көруге болады.

Фотоның сипаттамасында «Лара Фабианның әдемі концертінен соң» деп жазылған.

«Қандай әдемі фото, тамаша орындау, құттықтаймын», «Әдемі тарихи фото», «Арманымызды орындағаныңыз үшін - бірге ән шырқағандарыңыз үшін рақмет. Бұл керемет қойылым болды», «Қандай керемет фото! Дуэтке риза болдым және Димаштың айналасында осындай керемет жандардың жүргені жүректі жылытады», - деп пікір қалдырды Димаштың жанкүйерлері.

DimashNews мәліметінше, Лара Фабианның «Voices» деп аталатын әлемдік турнесінің аясындағы концерті 3 маусымда Лондондағы OVO Arena Wembley-де өтті.

Кештің арнайы қонағы болған Димаш пен Лара дуэтінде әйгілі Adagio әні орындалды.