«Кілеммен- шығарғаны несі?»: желіде Сәкен Майғазиевтің келінінің ұзатуы қызу талқыланып жатыр


TikTok-та тараған ерекше ұзату рәсімі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу пікірталас туғызды. Видеода Сәкен Майғазиевтің келіні ұзату тойында ақ кілемге отырғызылып шығарылғаны байқалады, деп хабарлайды Elordainfo.kz.
Видео әлеуметтік желілерде кең тарап, түрлі реакция тудырды. Желі қолданушылары дәстүрдің эстетикалық қырынан гөрі оның мағынасы мен мазмұнына баса мән беруді ұсынды. Пікір білдірушілердің бір бөлігі бұл дәстүрге жаңаша реңк берудің тәсілі десе, екінші тобы мұндай форматты ерсі көрді.
О заманда, бұ заманда тірі адамды кілемге отырғызып шығару не сұмдық?» – деп жазды TikTok-тағы пікір қалдырушылардың бірі.
Қоғам не дейді?
Кейбір қолданушылар мұндай рәсімдерді Алладиннің кілемімен салыстырса, біреулері дәстүрдің мағынасы жоғалмаса болды деп пікір білдірді, Тағы бірі: «Бұл – Атырау, Ақтау өңірінің қалыбы шығар» деп жазған. Жазба авторы болса: «21 ғасырда кез келген салтты эстетикалық тұрғыда әдемі етіп көрсетуге болады. Бірақ тірі адамды кілемге отырғызып шығару ерсілеу» деген көзқарасын білдірген.
Ұзату кімнің тойы?
Желіде тараған видеоға қарағанда, бұл – танымал әнші Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойы. Тиісінше, ұзатылып жатқан ару – оның келіні. Бұл да видеоға қызығушылықты арттыра түсті.