Белгілі әзілкеш Жахан Отарғалиев сүйінші жаңалығын жеткізді


Танымал актер, блогер Жахан Отарғалиев отбасындағы сүйінші жаңалықты жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Блогер тосыннан келіншегіне үйдің кілтін сыйлап, қуантып қойды.
«Бұйырса, біздің баламыз болады деген күнге жетейік. Сен барлық жерде маған қолдау бердің. Сол үшін көптен көп рақмет. Алла разы болсын. Біздің енді өз үйіміз бар», - деді блогер Жахан Отарғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салайық, актер үшінші рет шаңырақ көтерген болатын.
«Қатты шаңырақ көтеріп, отбасын құрғым келді. Құдайдан сұрадым. Болашақ келіншегімнің бет-әлпетіне дейін сұрадым. Сол кезде болашақ келіншегім де Меккеде өзіне жар сұрапты. Ең қызығы, күйеуінің әзілге жақын болуын тілеген. Соны естігенде қатты таңғалдым. Меккеден келгеннен кейін, бір күні жақын адамым маған бір келіншекпен танысуымды өтінді. Жеке парақшасын жіберіп, реакция жібердім. Ол да солай жауап берді. Содан сөйлесіп кеттік. Бірден «Маған күйеуге шығасың ба, үйленейік» дедім. «Аға, асығыссың ғой» деп әзілдеді. Солай әңгімеміз жарасып, шаңырақ көтердік. Үш рет кездесіп, үйлендім», - деген еді актер.