00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Сен менің қайным емессің...»: Жұлдыз Әбдікәрімова Заңғардың тойына не үшін келгенін айтты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Сен менің қайным емессің...»: Жұлдыз Әбдікәрімова Заңғардың тойына не үшін келгенін айтты

Stan.kz жазғандай, ол келін болып түскен соң, Заңғар балаларға қарайласып, қолғабыс еткен. Үнемі қолдау көрсетіп отырған. 

Сен менің қайным емес, бауырымдайсың. Себебі келін боп түскен сәттен бастап маған жеңге деп емес, әпке деп қарадың. Жалған өмірде жаныңа жақын жандар аз болса, сол аздың ішіндегі КӨПКЕ татырлығы өзіңсің.

Бала болсаң да, жан дүниемдегіні көзімнен түсініп, қолыңнан келгенше қолдап жүретінсің. Сондықтан бұл ҚУАНЫШ мен үшін бәрінен БИІК. Өміріңдегі ең маңызды сәтіңде жаныңда болып қолдай алмасам, қуанышыңды бөлісе алмасам, шын жүрегімнен шыққан ақ тілегімді көзіңе қарап жолдай алмасам, екеуміздің бауырмалдығымызға, жақындымызға сын емес пе…

Жібек екеуіңнің махаббаттарыңа сол кезден бастап куәмін. Өз қолымнан шай беріп, кіршіксіз сезімдеріңе сүйсіне қараушы едім. Бақыттың бесігін мәңгі бірге тербетулеріңді тілеймін. Жандарым менің", – деп жазба қалдырды Жұлдыз желідегі парақшасында. 

Оқи отырыңыз: Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова құшақтасып биледі (ВИДЕО)

Оның айтуынша, қайнысы екеуінің арасындағы сыйластыққа еш сызат түспеген. 

Қытайда оқып жүргенде балаларға сыйлықтарын жіберіп, үйдің тамағын сағынған болар деп мен қазы пісіріп, ет салып жіберетінмін. Осылай арамызда қаншама шақырым жатса да, сыйластығымыз, қамқорлығымыз тоқтамайтын, –  дейді Жұлдыз.

Сондай-ақ Жұлдыз енесі Гүлзира Айдарбековамен бірге түскен суретін жариялап:

Немерелеріңіздің ортасында аман-есен жүріп, шөбере-шөпшек сүюді жазсын, – деп жылы тілегін білдірді.