00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

15 мыңнан астам елордалық жылжымайтын мүлік салығын әлі төлемеген

22 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
15 мыңнан астам елордалық жылжымайтын мүлік салығын әлі төлемеген
фото. Elordainfo.kz

Меншігінде жылжымайтын мүлігі бар Қазақстан тұрғындары мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеуге міндетті. Санаулы күндер қалса да 15 579 астаналық аталған салықты әлі күнге дейін төлемеген. Бұл туралы Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік кірістер департаментінің жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Бораш Ерасыл айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қазақстандағы мүлік салығын төлеушілер салық сомасын дербес есептеуге және оны бюджетке уақытылы төлеуі қажет.  Салық төлеу мерзімі бұзылған жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдар салынуы мүмкін.

Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, қазіргі уақытта елордада 15 579 тұрғынның мүлік салығы бойынша 206,4 млн. теңге берешегі бар.

«Салық кодексіне сәйкес мүліктің орналасқан жері бойынша 2023 жылы алынған салықтар 2024 жылдың 1 қазанына дейін төленуі керек деп есептеледі. Салық Кодексінің 528 бабына сәйкес ел аумағында орналасқан жеке тұлғалардың меншігіндегі жылжымайтын мүлкіне салық салу объектілеріне тұрғын үйлер, ғимараттар, саяжай құрылыстары, гараждар, тұрақ орындары және оларға меншік құқығымен тиесілі өзге де құрылыстар, үй-жайлар және жеке тұлғаларға меншік құқығымен тиесілі жер учаскелері жатады. Жеке тұлғалар жылжымайтын мүлік объектілерінің құнын дұрыс бағалауға және мүлік салығын төлеу үшін ішкі кірістер қызметіне тиісті декларация тапсыруға міндетті», - деді ол.