00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада 62 мыңнан астам адам ауқымды экоакцияға қатысты

22 қыркүйек, 2024
Торғын Аман Торғын Аман
Астанада 62 мыңнан астам адам ауқымды экоакцияға қатысты
фото: www.gov.kz

Астанада «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы және Дүниежүзілік тазалық күні аясында ауқымды жалпықалалық сенбілік өтті. Оған қаланың 62 мыңнан астам тұрғыны, еңбек ұжымдары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, шағын және орта бизнес субъектілері, еріктілер, спортшылар мен мәдениет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, ПИК және басқалар қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Экоакция қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жұмыстарын жүргізуге бағытталған. Экоакция шеңберінде қаланы, нөсер және арық кәріз желілерін санитарлық тазарту, көшелерді, тротуарларды, орамішілік аумақтарды, қоғамдық кеңістіктер мен аулаларды тазалау жүргізілді.

Әрбір тұрғын елордада тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді үлес қосуда. Қала тұрғындары бүкіл кіреберістер мен өз аулаларын таза ету үшін шыққан. Барлық аудандарда саябақтар, скверлер мен аулалар жиналып, қайың, емен, шырша, қарағай, сирень сияқты қылқан жапырақты және жапырақты 2 мыңнан астам ағаш отырғызылды.

Сенбілікке 62 мыңнан астам адам, 5 мыңнан астам кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты. 170 тоннадан астам қоқыс полигонға шығарылды, аялдама павильондарын, бағдаршам нысандарын, жерасты және жер үсті өткелдері жуылды.

Экоакция кезінде 4 рұқсат етілмеген полигон жойылды. Рұқсат етілмеген қоқыс орындарынан қоқыс шығару үшін 90-нан астам ауыр жүк рейсі жасалды.

Астанада ауқымды жалпықалалық сенбіліктер тұрақты негізде өткізіледі.