00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Ұрпағымыз жалғасады»: Сәбит Әбдіхалықов Айгүл Иманбаеваны өз қолымен ұзатуға ниетті (ВИДЕО)

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Ұрпағымыз жалғасады»: Сәбит Әбдіхалықов Айгүл Иманбаеваны өз қолымен ұзатуға ниетті (ВИДЕО)

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаеваның 45 жасқа толған қуынышына қатысқан Сәбит Әбдіхалықовтың тойда тілек айтқан видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен.

Біз өмірден өткеннен кейін де біздің тарихымыз, ұрпағымыз жалғасады. Сол үшін аман бол. Құдай қаласа, баламыздың қуанышын көріп, үйлендірейік. Оған дейін амандық болса, мен сені қолдан ұзатып жіберейін, - деп тілегін жеткізген ол.

Желі қолданушылардың пікірлері әдеттегідей екіге жарылды. Кейбірі бұрынғы жұбайлардың сыйластығына таңғалып жатса, қарсы ойларын білдіріп жатқандар да бар. 

«Айгүл мен Сәбит күшті сыйластықта қалған. Айгүл Сәбиттің ауылдағы ата-анасымен де жақсы қарым-қатынаста», «Ортада ұлдары бар, сыйластықта қалғандары дұрыс», «Осындай сыйластықта болу үлкен ақылдылық. Тәнті болдым», «Айгүлдің күйеуі жоқ, сол себептен де барып, тілегін арнап, әйтпесе Алтынай секілді тұрмыста болса қалай барады, ойлаңыз», «Ал Сәбит ше, үйдегі әйелін ойламады ма», Иә, Айгүлдің әріптесі ғой үшінші әйелі, негізі, Алтынай мен Сәбитті ажырастырған осы Айгүл деп білем, кегін қайтарды. Үф-сүф дейтіндерге оқытқан да болар Алтынайдан ұл болмасын деп, қазір ұлы бар болғанда Алтынайдан ажырамас еді», - деп пікір білдіріп жатыр желі қолданушылары.