«Аллаға тапсырдым!»: Жол апатына түскен әншіден бұрынғы күйеуі 5 млн теңге талап еткен
Мен айдаған бэнтли бар емес пе еді? Сомен жол апатына түсіп қалдым. Алла сақтап, дін аманбыз, - деді ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Дәл осы көлікті сыйға тартқан әншінің экс-күйеуі жол апатынан кейін оны тартып алып, жөндеуіне қомақты қаржы талап етіп жатыр екен.
Бұл бэнтлиді маған сыйлаған еді. Енді, осы дтп үшін сол сыйлаған адам алып қойып, еще бамперін жөндетуге 5 млн теңге ақша талап етіп отыр. Ужас! Біреуге жан қайғы, біреуге мал қайғы деген осы екен, - деді Мөлдір Әуелбекова.
Әнші мұны экс-күйеуі жасағанын растады.
Оқи отырыңыз: «Басыңызға түссе, түсінерсіз»: Мөлдір Әуелбекова жан сырымен бөлісті (ФОТО)
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап» деген ұғым тағы бір дәлелденді. Бала-шағам аман болсын. Қалғанын өзім жасап жүрмін, жасаймын да! Алла күнімізді біреуге қаратпасын! - деді әнші.
Бұдан әрі әнші осы оқиғаға орай тағы бір жазба арнады.
Кешегі мен түскен ДТП жайлы сторисімді қарап, жағдай сұрасып, қолдап жатқандарыңызға рақмет. Негізі, түбінде бұл жерде мәселе сол темір немесе 5.000.000 тг де емес қой... Мені қыңжылтып тұрғаны, көлікті маған сыйлаған қызымның әкесіне: «аварияға түсіп қалдым» дегенде, «өзің амансың ба, тірісің ба» деп сұрауға шамасы келмеді... «Қай жерін соқтың, қатты соқтың ба, қанша тұрады білесің бе сен» деп темірін сұрап әлектенді... Айтарға енді басқа сөзім жоқ. Соңғы нүктесі осы. Аллаға тапсырдым. Алла әділ. Реттейді. Тек сабыр мен уақыт керек.
Осы жағдайдан не ой түйдіңіз?