Тоқаев мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
26 сәуір, 2024
Елорда ақпарат
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлады Elorda.info Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл 15 наурызда Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңына түзетулер енгізілді. Заңда «Айбын» орденінің дәрежелеріне даңқты батырларымыз Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімдерін беру қарастырылған. Заң ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Ұқсас жаңалықтар
5 қазан, 2024
Мемлекет басшысы бірқатар кездесу өткізді
5 қазан, 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентін туған күнімен құттықтады
4 қазан, 2024
Ерлан Қарин АӨСШК ұйымына мүше елдер волонтерлерінің слетіне қатысты
4 қазан, 2024
Тоқаев Сот төрелігінің тиімділігі жөніндегі Еуропалық комиссияның президентін қабылдады