Тоқаев Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы Пан Ги Мунге алғыс айтты

Фото: akorda.kz
Астана халықаралық форумы алаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жаһандық жасыл даму институтының төрағасы, БҰҰ-ның сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу өткізді, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы Институтқа еліміздің көміртегі бейтараптығы стратегиясын әзірлеуге көрсеткен сараптамалық қолдауы мен Арал теңізінің құрғаған табанын экологиялық тұрғыдан қалпына келтіру бағдарламасына қатысқаны үшін алғыс айтты.
Пан Ги Мун Қазақстанның тұрақты даму мақсаттарына жұмсаған күш-жігерін қолдайтынын, жаһандағы экологиялық бастамаларды іске асыру үшін ынтымақтастықты кеңейтудің маңызды екенін атап өтті.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 12:02
Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін, 09:02
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отбасы күнімен құттықтады

12 қыркүйек, 2025
Президент Бас прокурор Берік Асыловты қабылдады

12 қыркүйек, 2025
«Ауыл – Жолдаумен үндес»: Депутат Қарақат Әбден Жолдаудағы көтерілген мәселелер туралы айтты