Тоқаев Трамптың баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамптың Қазақстаннан импортталатын тауарларға баж салығын салу туралы хатына жауап жолдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстан Америка Құрама Штаттарының бұрыннан келе жатқан сенімді сауда әрі инвестициялық серіктесі ретінде әділ, түсінікті және өзара тиімді сауда байланыстарын дамытуға бейілділігін атап өтті.
Қазақстан Президенті сауда мәселелері бойынша рационалды шешім әзірлеу мақсатында еліміздің конструктивті диалогты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сауда проблемасына қатысты ортақ мәмілеге қол жеткізуге болатынына сенім білдірді.
Ұқсас жаңалықтар

10 қазан, 2025
Тоқаев: Қазақстан мен Ресейді достық қарым-қатынастар байланыстырады

10 қазан, 2025
Тоқаев ТМД аясында Креативті индустрия қауымдастығын құруды ұсынды

10 қазан, 2025
Мемлекет басшысы Душанбедегі Ұлттар сарайына барды

9 қазан, 2025
Қасым-Жомарт Тоқаев екінші «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысты