Тоқаев Конго Республикасы Президентінің арнаулы өкілін қабылдады

25 тамыз, 2025
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views79
Тоқаев Конго Республикасы Президентінің арнаулы өкілін қабылдады
Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Конго Демократиялық Республикасы Президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдады, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Патрик Мпойи Луабеяға ілтипат білдіріп, оның сапарын Қазақстан мен Конго Демократиялық Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жолындағы маңызды қадам ретінде қарастыратынын атап өтті.

Патрик Мпойи Луабея Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығын білдіріп, Конго Демократиялық Республикасы Президенті Феликс Чисекедидің арнайы сәлемін жеткізді.

Кездесу барысында Конго Демократиялық Республикасы Президентінің Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселелері, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың перспективті бағыттары талқыланды.