Тоқаев: Италия – Қазақстанның Еуропадағы жетекші сауда серіктестерінің бірі


Мемлекет басшысы мен Италия Премьер-министрі елорда әуежайында аз-кем әңгімелесті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
– Сізді Қазақстанда қарсы алу – біз үшін үлкен мәртебе. Алдағы келіссөздер екіжақты қарым-қатынастарымызға тың серпін беруде маңызды, тіпті, шешуші рөл атқаратынына сенімдімін. Италия – Қазақстанның Еуропадағы жетекші сауда серіктестерінің бірі. Кешелі-бүгін Астанада Италия бизнесінің көптеген өкілінің қатысуымен бизнес-форум өтті. Екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Италия Премьер-министрі Қазақстанды Италияның, сондай-ақ Еуропаның маңызды серіктесі ретінде қарастыратынын атап өтті.
– Біз Қазақстанды Италияның, сондай-ақ Еуропаның маңызды серіктесі ретінде қарастырамыз. Сонымен қатар қазіргі кезде Орталық Азия өңірі стратегиялық мәнге ие болды. Мемлекеттер басшылары деңгейінде бірінші «Италия – Орталық Азия» саммитін ұйымдастырғаныңыз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Бұл басқосу аймақпен қарым-қатынасымыздағы тарихи сәт болады деп ойлаймын. Қазіргі сындарлы кезеңде біз үшін барлық деңгейде ынтымақтастық орнату өте өзекті, - деді Джорджа Мелони.



