Тоқаев Франция Президентін ұлттық мерекесімен құттықтады

Фото: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күнімен құттықтады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысы бүгінде Франция саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда елеулі жетістікке жеткен халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, достас француз халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді.
Сондай-ақ Қазақстан мен Франция қарым-қатынасы стратегиялық серіктестікке ұласқанына назар аударып, осы игі іске Эмманюэль Макронның қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 10:27
Президент Испания Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

10 қазан, 2025
Тоқаев: Қазақстан мен Ресейді достық қарым-қатынастар байланыстырады

10 қазан, 2025
Тоқаев ТМД аясында Креативті индустрия қауымдастығын құруды ұсынды

10 қазан, 2025
Мемлекет басшысы Душанбедегі Ұлттар сарайына барды