00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сыртқы дипломатия жетістіктері – тұрақты дамудың белгісі

6 қараша, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сыртқы дипломатия жетістіктері – тұрақты дамудың белгісі
Фото: коллаж ашық дереккөз

Кезінде британдық «Да, господин министр!» сериалдарының авторлары Джонатон Линн мен Сэр Энтони Джейдің «саясат – келесі жұмаға дейінгі мәселе болса, дипломатия – бұл болашақ жүз жылдықта тірі қалудың мәселесі» деген қанатты сөздері бар.

Егер осы ойлармен келіссек, бүгінгі жасампаздыққа ұмтылған Қазақстанның сыртқы қатынастардағы қарекеттері, тура осыны меңзейтіндігі көрінеді. Сөзсіз, сыртқы саясаттағы дипломатия бір күнмен өмір сүрсе өшкені.  

Ішкі тұрақтылықты сақтау тәуелсіздік алғалы негізгі саяси ұстанымға айналған аксиома. Бұл жағынан елтұтқасын ұстаған ел басшыларының арқасында - ішкі ұлтаралық қатынастар, өзара сыйластық, жетпіс пайыздан астам қазақ жұртынан бөлек саны аз  ұлттар мен ұлыстардың күнделікті бейбіт тіршілігімен айналысуы, әрине тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктердің бірегейі деп есептеледі. Бұған ешкім де дау айта қоймас.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы ойды, биыл БҰҰ-ың Бас ассамблеясының пікір алмасу форматында, Дохадағы халықарылық экономикалық форумында, Стамбулдағы, Ашхабаттағы түркітілдес елдерінің жиындарында да ашық айтып келеді. Расында халықаралық деңгейде ешкіммен бөлісе алмай, талас-тартысқа мысалымыз жоқ. Барды бардай, жоқты жоқтай айтсақ, сыртқы саясаттағы бейтараптық үлгідегі ұстанымда еліміздің сыртқы саясатқа жауапты мекемелердің және Президенттің дипломатиялық шеберлігінің  арқасы десек орынды.

Жалпы, қараша айы тұтас дипломатиялық жұмыстардың көрсеткіштері ретінде еста қалатын болар. Кешегі әлем державаларының бірі Франция президенті Эммануель Макронның ресми сапары, Таяу Шығыс пен Еуропаға сөзін өткізіп, саяси мінезімен мойындатқан Түркия республикасының басшысы Реджеп Тайып Ердоғанның елге атбасын бұруы, Мажарстан елінің бас министрі Виктор Орбанның атажұртын аңсап келуі, одан қалды Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Әзірбайжан секілді түркі халықтары елдерінің бірінші басшыларының келелі Түркі кеңесі жиынына басқосуы, оңай атқарыла салатын шаруа емес. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің делегациясы да қазақ топырағына ат-көлігін сайлап келуі жоспарда тұр. Егер Ақорда билігінің сыртқы ведомстволық күнтәртібіндегі кездесулер мен көпжақты келісімдерді айтпағандағы қыруар жұмысына көзсалсақ, кезінде Ахмет Байтұрсынұлы айтпақшы, «жұрт ұқпаса, ұқпасын, жабықпаймын, ел бүгіншіл, менікі – ертеңгі үшін» деген өлең сөздерінің мағынасына сұранып тұрғандай көрінеді. 

Өйткені Қазақстанның мүддесі саяси тепе-теңдік және дипломатиялық бейбіт жолдармен тұрақтылықты сақтап, елдердің даму үдерісімен жүре беруі болмақ. Бұл қадамдарға, француздың Президенті Э.Макронның кеше келгенінде, өзі де жоғары саяси баға бергенін көрдікФранцуз басшысының «қанша державалардың арасында отырып, жеке ұлттық саясатын дербес ұстай білген, өз саяси ұстанымын табанды көрсетіп жүрген Қазақстанды ерекше құрметпен бағалаймыз, бұл Францияның да ұстанымымен үндес» деуінен көп нәрсені аңғаруға болғандай. 

 Осы ретте қоғамда «Президент сыртқы саясатқа ерекше көңіл бөлгенімен ішкі саясатта сүреңсіз әрекетпен шектеліп жүр» деген пікірлер де аз болған жоқ. Егер былтырдан бері, Түркиемен бес рет, Кувейтпен екі рет, Біріккен Араб эмиратымен екі рет, Қытаймен төрт рет, Орталық Азия елдерімен жеке кездесулерді қоспағанда тоғыз рет, жалпы тұтас әлем елдерінің басшыларымен кездесулердің басты басымдықтарында - елдің дамуына,  экономикалық-саяси тұрақтылыққа себеп болатын келісімдер мен инвестициялық ахуалдың тұрақты келуін қамтамасыз ету шаралары тұрғанын ұмытпау керекпіз. Барлық сыртқы қарыздардан құтылу, тарыдай шашылған активтерді қайтару елдің әл-ауқатын күшейту, қымбатшылықты тұралату, ішкі саяси реформаларды ойдағыдай жүйелі жүргізу т.с.с. қыруар кешенді өзектіліктер, түптің-түбінде сыртқы саяси векторларды ұстанатын қам-қарекеттерге негізделеді.

  Екінші Республика идеясы да осындай дипломатиялық обьективті өлшемдермен әрі сарабдал жігерлі шешімдерден құралатынын ұмытпаған жөн.

                                                                                                                                           Мақсат ЖАҚАУ